Василенко: Қазақстан Сирия бойынша келіссөздер үшін алаң ұсынуға әрдайым дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесін өтізудегі басты мақсатымыз - Сирия соғысын тоқтатуға көмектесу.

Бұл туралы бүгін «Қазмедиа» орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өз міндетімізді бұл келіссөздерді қабылдаушы тарап ретінде қарастырамыз. Қажеттілік туындаған жағдайда мұнан ары да келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайынбыз. Қазақстан бұл келіссөздердің кепілгер тарабы емес. Біз бұл келіссөздерді қабылдау ел саналамыз. Сондықтан да оны кеңейту немесе одан ары шешім қабылдау біздің құзіретіміз емес. Біз тек оның табысқа жетуі үшін одан ары да жәрдем беруге дайын екендігімізді қуаттаймыз», - деді СІМ орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстан қабылдаушы тарап ретінде Астана процесінің табысты өтуіне үміт артады.

«Қазір үстел басында кім, қалай және кімге қарсы отыратындығы талқылануда. Меніңше, бұл келіссөздер басталғаннан кейін белгілі болмақ. Біз өз тарабымыздан конструктивті сұхбаттың орын алуы үшін барлық мүмкіншілікті жасаймыз», - деді Василенко.

Ол ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанын және алдағы 2 жылда осы органның құрамында жұмыс істейтіндігін атап өтті.

«Біз Астана келіссөздерінің (Астана процесі) қорытындысы БҰҰ ҚК-дегі біздің ұсынысымыздың барысында да көрініс табады деп күтеміз. Тағы да баса айтқым келеді, бұл келіссөздерді кепілгер елдердің өтінішімен ұйымдастыруымыздың басты себебі Сириядғы соғысты тоқтатуға көмек бергіміз келеді», - деді Василенко.   

Соңғы жаңалықтар