Василенко Астана процесінен хабар тарататын шетелдік БАҚ санынан жаңылысқанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Фейсбуктегі парақшасында Астана процесінен хабар тарататын шетелдік БАҚ санынан жаңылысқанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін «Қазмедиа» орталығында баспасөз мәслихаттын өткізген ол Астана процесінен 320 шетелдік және 120 қазақстандық журналист хабар тарататындығын айтқан болатын.

«Бүгінгі келіссөздердің бірқатар модальдылығы бойынша баспасөз мәслихатын өткіздім және маңызды түзету жасау қажет. Мен мәлім еткендей, аккредиттелген шетелдік БАҚ саны 320 емес - 389. Шетелдік БАҚ  саны бойынша бұл менің есімде қалған ЕҚЫҰ саммитінен кейінгі екінші көрсеткіш», - деп жазды ол. 

Соңғы жаңалықтар