Вашингтонда ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің АҚШ-қа ресми сапарының аясында іскер топ өкілдері бірқатар құжаттарға қол қойды. Олардың арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қол қою рәсіміне қорғаныс және аэроғарыш саласының өкілдері қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғанындай, АҚШ-тың сауда палатасы қол қойған 26 құжаттың ішінде үшеуі ғарыш саласындағы ынтымақтастықққа қатысты болды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі АҚШ-тың Геологиялық қызметі мен осы елдің Ішкі ресурстар департаментінің арасындағы құжатқа Қазғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мәлік Олжабеков пен USGS директорының орынбасары доктор Эпплгейт қол қойғандығын хабарлады.

Құжат ғарыштық технологиялар мен Жерді қашықтықтан зондтау және аралық мәліметтердің инфрақұрылымдарын дамыту бағытындағы екіжақты тиімді ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған.

АҚШ-тың геологиялық қызметі Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқан. Астанада «USGS» ұйымының қатысуымен Жерді қашықтықтан зондтаудың LandSat - 7,8 спутнигінен мәліметтерді қабылдау шарасы ұйымдастырылған. Сонымен қатар «USGS» Іле-Балқаш өңірінің су ресурстарының жағдайы мен Халықаралық ғарыш саласындағы хартия мен ірі апаттарға байланысты мониторингілеу жобасына қатысуда.

«Ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен америкалық «Hexagon Geospatial» компаниясының арасындағы меморандумға ұлттық компанияның жетекшісі Ерғазы Нұрғалиев пен «Гексагона» компаниясының техникалық директоры Бреэдли Скелтон қол қойды.

Сонымен қатар өздерінің ынтымақтасу жөніндегі ниеттерін «Ғалам» ЖШС-ның директоры Айберген Русланулы мен «iDirect» компаниясының президенті Кевин Стин тиісті құжатқа қол қою арқылы білдірді. Америкалық «VT iDirect» компаниясы спутниктік байланыстың жердегі инфрақұрылымын жасау бағытындағы әлемдік лидер саналады.

Ынтымақтастық туралы меморандум талаптарына сәйкес, тараптар түрлі бағыттағы спутниктік байланыс жүйелерін жасау мен өзара тиімді және өзге де өнімдер мен қызметтер саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында өзара әрекеттесіп қызмет ететін болады.

Вашингтонға сапары барысында Қазғарыш делегациясы «ESRI» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасын ғарыштық мониторингілеу аясында «ESRI» компаниясының солтүстік платформасын пайдалану мүмкіндіктері, сонымен қатар жерді ғарыштық зондтау жүйесінің ғарыштық түсірілімдерімен байланысты мәселелер сөз болды.

Қазақстан мен АҚШ-тың экономикалық ынтымақтастығының шешуші сәттерінің бірі ретінде Ақорда ғарышты зерттеудегі көшбасшылықты сөз етті.

АҚШ өкілдері Қазақстанның Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін америкалық ғарышкерлердің қауіпсіз жағдайда жерге орала алатын орны екендігін шын жүректен атап өтті.

Соңғы жаңалықтар