Варшавадағы турнир: Сүлейменов Қазақстанға алғашқы «алтын» алып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Варшавада (Польша) Феликс Штамм-2018 бокс турнирінің финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан отандасымыз Ілияс Сүлейменов иорданиялық  боксшы Мохаммед Альвадиді жеңіп, қоржынға алғашқы алтын медаль салды.

Естеріңізге сала кетейік, финалға жету жолында Ілияс Сүлейменов ресейлік Бахтовар Назиров пен АҚШ боксшысы, 2017 жылғы әлем чемпионатының финалына шыққан спортшы Дюк Раганнан басым түсті.

Бүгін бас жүлдеге тағы бес қазақ боксшысы таласады. Олар: Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Абай Төлеш (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Антон Пинчук (91 келі).  

Соңғы жаңалықтар