Ванкувер Олимпиадасының да допинг сынамалары қайта қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2017 жылы Ванкувер қысқы Олимпиадасының (2010 жыл) допинг сынамаларын қайта қарайтын болады. Бұл туралы ХОК департаментінің басшысы Ричард Баджетт хабарлады, деп жазады massaget.kz .

Осыған дейін Ричард Баджетт 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының допинг сынамалары толықтай қайта қаралып болғанын, ал 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға қатысқан спортшылардың сынамалары әлі тексеріліп жатқанын айтқан еді.

Айта кетейік, Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 37 спортшы қатысқан. Биатлоннан жекелей сында Елена Хрусталева күміс жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар