Валютасы декларацияланбаған қазақстандықты рейстен алып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар шетелдік валютасы декларацияланбаған Қазақстан азаматшасын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы» халықаралық әуежайының өткізу бекетінде шекара жасағы «Алматы - Ыстанбұл» бағытындағы рейсте 7 880 еуросы, 1000 АҚШ доллары, сондай-ақ ұлттық валютасы декларацияланбаған 49 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзара әрекеттесу органдарының өкілдеріне ақпарат жіберілген. Ұсталушы әкімшілік хауапқа тартылды. 

Соңғы жаңалықтар