Вакцинациядан бас тартқандарға айыппұл салына ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі вакцинациядан бас тартқандарға 10 АЕК (22 690 теңге) көлемінде бір реттік айыппұл салуды ұсынған болатын.

 Алайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған ұсынысты қолдаған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Коституцияда " тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі - ол кез келген адамның құқығы" деп анық жазылған. Бұл - міндет емес, әрбір адамның құқығы. Демек, Қазақстан азаматы оны пайдалана ма, жоқ па, өз еркі. Сондықтан біз айыппұл салу бастамасын қолдаған жоқпыз. Себебі Конституция - еліміздің басты құжаты", - деді қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, бүгінде Еуропа елдерінде вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салу тәжірибесі бар. Мәселен, Италияда вакцинаның жоқтығынан ауырып қалған бір адамға кететін ем-домды есептеп, 2-7 мың еуро көлемінде айыппұл енгізді. Вакцинациясыз балабақшаға да алмайды. "Әзірше, бізде ондай норма жоқ. Біз аталған мәселені түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешуге тырысып келеміз", - деп атап көрсетті Б.Шәріп.

Соңғы жаңалықтар