Вакцинациядан бас тартқандар қажылыққа бара алмайды - Денсаулық министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика бойынша вакцинациядан бас тартатын азаматтардың басым бөлігі өз шешімдерін діни көзқараспен байланыстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, вакцинациядан бас тартатындардың жартысы діни ұстанымның себеп болғанын ашық айтса, қалғаны «жеке шешімім» деп, құтыла салады.

«Алайда «жеке пікірді» ұстанатындардың көбісі сол діни көзқарасқа байланысты вакцинациядан бас тартып жатады. Негізі, мұсылман елдерінде де вакцинацияны талап етеді. Мәселен, бүгінде Меккеге қажылыққа баратындардан вакцинация туралы анықтаманы сұрайды. Сауд Арабиясының биілігі кем дегенде екі инфекция - пневмококк пен менингококктарға қарсы вакцинаның болғанын талап етеді», -  деді қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, xалық арасында вакцинацияға қатысты түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Соның арқасында 12 мың адамның ішінде 1 500 адам өз шешімін өзгертіп вакцинациядан өтті.

Соңғы жаңалықтар