Вагон-ресторандардан ақша жинаған санитар сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласының №2 соты қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Атырау көліктік басқармасының жетекшісіне қатысты үкім шығарды. Аталған құрылым ҚР Денсауық сақтау министрлігіне қарайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы мамыр-қыркүйек аралығында Ш.И. вагон-ресторан директорлары мен жолаушылар поездарының бригадирларынан әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін ақша талап еткен. Осы жолмен ол делдал арқылы 339 000 теңге алған.

«Сот үкіміне сәйкес, Ш.И. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, пара мөлшерінен 70 есеге артық, яғни 23 730 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, оған өмір бойы мемлекеттік қызметке тұруға тыйым салынды. Сот үкімі күшіне енген жоқ», - делінген Атырау сотының ресми xабарламасында.

Соңғы жаңалықтар