Вагон-мейрамханаларда тегін тамақ ішкен шенеуніктер жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында вагон-мейрамханалардан ақша жинаған парақор шенеуніктерге қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті Атырау желілік басқармасының үш қызметкері бес ай бойы пара алып келген. Олар 2017 жылы мамыр мен қыркүйек айлары аралығында жолаушылар пойыздарының бригадирлерінен, сондай-ақ вагон-мейрамханалардың директорларынан ақша жинап, басқарма басшысына беріп отырған.

«Атырау қалалық №2 сотының шешіміне сәйкес, параға делдалдық жасағандар Қылмыстық кодекстің 368-бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әрбіреуі параның 20 есеге артық көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, оларға өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды», - делінген сот хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар