Вьетнамдағы «Дэмри» дауылынан құрбан болғандар саны 30-ға жуықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда соққан «Дэмри» атты тропикалық дауылдан 27 адам қаза болды, тағы 22 адам із-түзсіз кеткендердің қатарында. Бұл туралы жексенбі, 5 қараша күні жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады korrespondent.net.

Ресми мәліметтерге қарағанда, дауыл 620-ға жуық үйлерді қиратып, 40-тан астам ғимараттарды бұзған. Табиғат апаты болған аймақтан жүздеген адамдардың көшуіне тура келді.

Америкалық метереологтардың бағалауы бойынша, «Дэмри» Вьетнамда 2011 жылдан бері болып тұрған ең қуатты дауыл. Алдағы күндерде Вьетнамда нөсер жаңбыр жауып, су тасуы мүмкін. Осы кезде біршама әлсіреген дауыл батысқа қарай, яғни Камбоджаға бет алуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар