Вьетнамда Сәбина Алтынбекованы ең сұлу спортшы деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Вьетнамдық 24h.com.vn спорт порталы қазақстандық Сәбина Алтынбекованы ТОП-9 сұлу волейболшылар тізіміне қосты.

2014 жылы Қытайдағы халықаралық ойындардан кейін танымал болған Сәбина Алтынбекова тізімде төртінші орында тұр. Табынушылары оны «жапондық аниме кейіпкері» деп атады, оның сұлулығын «Шығыс пен Шығыс Еуропаның тамаша үйлесімі» деп бағалады. Әлеуметтік желі қолданушылары оны «Әлемнің №1 супермоделі» атануға лайық екенін жазуда. YouTube-та Алтынбекованың фотосуреттерінен құралған видеоколлаж 1 миллионнан астам көрілім жинады.

ТОП-9 сұлу волейболшы қыздар:

1. 31 жастағы жапондық Саори Кимура

2. 25 жастағы қытайлық Хуи Рочи

3. 21 жастағы ресейлік Алиса Маненок

4. 20 жастағы қазақстандық Сәбина Алтынбекова

5. 26 жастағы сербиялық Саня Малагурски

6. 27 жастағы америкалық Кимбирли Хилл

7. 32 жастағы түрік Неслихан Демир

8. 26 жастағы голландиялық Лоннеке Слютьес

9. 33 жастағы бразилиялық Шейла Кастро

Соңғы жаңалықтар