V Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте Астана уақытымен сағат ‪23:35-те Алматы қаласының халықаралық әуежайына Ашхабад-Алматы рейсімен  жабық алаңда өтіп жатқан V Азия ойындарының жеңімпаздары мен қатысушылары келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы қалалық ақпараттық-спорттық хабының мәліметінше, спортшылар қатарында Айбек Нұғымаров +90 кг, Әділжан Ыстыбаев - 90 кг, Қасымхан Түленбай -70 кг және қазақ күресінен  Қазақстан құрамасының бас бапкері Ерлан Естек, Алматы қаласының қазақ күресінен бас бапкері Бауыржан Тәліптер бар.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ палуандары Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті. 91 келіден жоғары салмақта Айбек Нұғымаров  финалдық кездесуде қырғызстандық Тілек Куваловты жеңсе (0(10) - (0(0), алматылық палуан Қасымхан Түленбай 70 келі дейін салмақ дәрежесінде туркменстандық Исанмұрат Атаевтан тізе бүктіріп 0(7) - 0(0), Азия ойындарының чемпионы атанды. 

Сонымен қатар, 90 келі салмақта Әділжан Ыстыбаевте жүлдесіз қалмады, ол қола жүлдеге таласта, ирандық Али Мехдизадахты ұтты (0(10) - (0(0). 

Соңғы жаңалықтар