Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 340.95
EUR 408.73
RUB 5.87
CNY 51.80

V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген
2017 жылғы 17 қыркүйек 22:17 542

АШХАБАТ. ҚазАқпарат -  Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ашхабаттан.


V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

Салтанатты шара барысында ұйымдастырушылар түрікмен халқының ежелгі тарихы мен бүгінін ұштастыра отырып, Түрікменстанның бай салт-дәстүрін көрсетуге тырысуда. Ашылу рәсіміне 7 мыңнан астам өнер қайраткері қатысуда. Олардың 2 мыңнан астамы кәсіби бишілер, музыканттар мен әншілер. Бір жылдан астам бұрын ғана ашылған 45 мың адам сиятын Олимпиадалық стадионға 5475 ерікті мен 54 бала жұмылдырылған. Стадионда өтіп жатқан кейбір қойылымға түрікмендер аса қадірлейтін ақалтекелер де шығарылған.

Азия ойындарының ашылу рәсімін ұйымдастырған «Balich Worldwide Shows» Марко Баличтің сөзіне қарағанда, бүгінгі салтанатты шара аталған компания ұйымдастырған қойылымдардың ішіндегі ең ауқымдысы болмақ.

«Екі жарым сағатқа жуық уақыт өтетін шараға шамамен 7500 орындаушы, 200 музыкант, 10 жануар қатысады. Қойылымдарға 75 мың костюм тігілген», - деді ол.


V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

Салтанатты рәсімді өзге бірқатар мемлекеттің басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалауда.

Айта кетерлігі, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізген  Түрікменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің айтуынша, Азия ойындарына әлемнің 64 мемлекетінен спортшылар келген. Бұған қоса, БҰҰ өтінішімен босқындар да бұл жарысқа арнайы команда құрып, сынға түспек.

Ал Қазақстанның 150  спортшысы жарыстың 17 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, грек-рим күресінен әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев, қыздар күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жұлдыз Ешімова сынды спортшылар бар.  Азия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын таэквондодан Қазақстан чемпионы Нұрлан Мырзабаев ұстап шығады.


V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген
V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген


V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген
V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

V Азия ойындарының ашылуына жұмылдырылған 7,5 мың адамға 75 мың костюм тігілген

 

Басты сөздер: Қазақстанның сыртқы саясаты, Түрікменстан, Қазақстан Президенті, Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер