V Азия ойындары: Қазақстан жалпы есепте бесінші орында келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды. Бүгін Қазақстан қоржыны 7 медальмен толықты, оның екеуі - алтын, төртеуі - күміс және біреуі - қола,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтынды» қазақ күресінен Айбек Нұғымаров (+90 кг) және Қасымхан Түленбай (70 кг) еншіледі. Ал «күмісті» муай-тай спортынан сынға түскен Еламан Саясатов (57 кг), Әбіл Галиев (63,5 кг), Вадим Опарев (75 кг) және Эмил Умаев (81кг) жеңіп алды. 90 кг салмақта ел намысын қорғаған Әділжан Ыстыбаев қола медаль иегері атанды.

Алты күнгі жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан 37 медальмен (9 алтын, 12 күміс, 16 қола) жалпы есепте бесінші орынға жайғасты. Ал жарыс қожайыны Түрікменстан 148 медальмен (59 алтын, 43 күміс, 46 қола) көш бастап тұр. 52 медаль жеңіп алған Иран спортшылары (16 алтын, 9 күміс, 27 қола) - екінші орынға, 39 медалі бар Тайланд (13 алтын, 12 күміс, 14 қола) үшінші орынға орналасты. Өзбекстан спортшылары 10 алтын, 17 күміс, 36 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында тұр.

Айта кетейік, аталмыш байрақты додаға ел намысын қорғауға Қазақстанның 150  спортшысы аттанды. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсуде.

Соңғы жаңалықтар