V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес «алтын» иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстанның Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары жалғасуда. Жарыстың жетінші күнінде Қазақстан спортшылары тоғыз медаль еншіледі - бес алтын және төрт қола.

«Алтынды» Перизат Жақыпбекова (белбеу күресі), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев және Қазақстанның ерлер командасы (велотрек) алып келсе, «қоланы» Әлихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның жүзуден ерлер командасы, Сергей Пономарев (велотрек) және Ұлжан Дүйсембаева (белбеу күресі) сыйлады.

Жеті күнгі жарыстан кейін Қазақстан 46 медальмен (14-12-20) жалпы есепте бесінші орында тұр.

Бірінші орында 175 медальмен (69-51-55) - Түрікменстан, екінші орында 66 (17-14-35) медальмен - Иран және үшінші орында 77 (16-19-42) медальмен Өзбекстан келеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар