Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

Ұзынағаш пен Қапшағайдан Алматыға пойыз қатынайтын болды

Ұзынағаш пен Қапшағайдан Алматыға пойыз қатынайтын болды
2017 жылғы 12 тамыз 14:41 637

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қалаға жақын маңдағы елді мекендерге темір жол қатынасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұзынағаш пен Қапшағайдан 15 тамыздан бастап пойыздар қатынайтын болды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыға күн сайын жақын елді мекендерден жарты млн адам, 200 мың көлік кіреді.

Мұндай көп көлік ағыны қаланың экологиялық ахуалын қиындата түсетіні рас.

Сырт аудандарға кететін жолаушылар тас жолды күнде бөгеп, кептеліс тудыратыны да белгілі.

Қала билігі осы мәселені шешу мақсатында Жамбыл ауданы мен Қапшағай қалалары әкімдерінің ұсынысын ескере отырып,  «Алматы1 - Ұзынағаш - Алматы» және «Алматы1 - Қапшағай - Алматы» бағытында пойыз қатынасын ашты.

Қапшағай -Алматы темір жолы 71 шақырымға созылып жатыр. Екі арада жолаушыларды 6 вагон тасымалдайтын болады. Жол арасы 1,5 сағат. Пойыз 2 рет қатынамақ.

37 шақырымдық Ұзынағаш бағытында  9 вагон жүреді. Жету уақыты шамамен 1,5 сағат. Аталған пойыз да күніне 2 рет Алматыға келіп кетеді.

Бұл бағытта қала әкімдігі демеуқаржы бөліп қойған.

«Демеуқаржы бөлудің арқасында жол ақысы 80 теңге болады. Осылайша жүрдек пойыздар екі араға қатынайтын жекеменшік тасымалдаулармен бәсекелестікке түсе алады. Сондай-ақ, болашақта вагондарда «Оңай» терминалы орнатылатын болады», - деді баспасөз қызметінен.

 

 

Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер