Үздік жетістікке жеткізген үш жеңіс: «Астана» Оман турында алға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы үшін Оман туры өте табысты аяқталды. Алексей Луценко бас классификацияның қорытындысы бойынша жеңіске жетсе, Мигель Анхель Лопес жалпы есепте екінші орынға табан тіреп, қазақстандық команданы алға шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетерлігі, Оман туры - 2018 жарысында екінші орын алған Мигель Анхель Лопес ең үздік жас шабандоз атанды.

Сайыстың 6-шы шешуші кезеңі 135,5 шақырым жолға созылған. Қашықтықты бағындыру кезінде «Астана» толығымен жарыс жолын өз бақылауына алды.

Ақтық спринтте «Астананың» шабандозы, төртінші кезеңнің жеңімпазы Магнус Корт Александр Кристофтың (UAE Team Emirates), Брайан Кокар (Team Europcar) мен Джаком Ниццолоның (Leopard Trek) ізін ала төртінші келді. Оның алдында Луценко көш бастаған сайыстың жалпы есебі айтарлықтай өзгерген жоқ.

«Маусымның алғашқы сайысында топ жарғанымызға қатты қуанып тұрмыз. Мен осы қыста көп дайындалып, жылдың басында үздік қалыпта болуды көздедім. Енді, мінекей, жеңімпаз болып отырмыз. Бірақ, жылдың алғашқы жартысында менің басты мақсатым классикалық жарыс болып қала бермек. Сондықтан, табысқа жетуге барымды саламын», - дейді Алексей Луценко.

Ал команданың бас менеджері Александр Винокуров «Астананың» маусымды осылай бастағанына қуанышты екенін жеткізді.

«Команда алғашқы жарыста-ақ өзін жақсы көрсетті. Жеңістеріміз бен жетіктіктеріміз баршылық. Біз Оманда бірлігі мығым, мықты әрі үйлескен команданы байқадық», - дейді Александр Винокуров.

Соңғы жаңалықтар