«Үздік мемлекеттік қызметші» атанған жас мамандарды шетелге демалысқа жіберу ұсынылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Үздік жас мемлекеттік қызметшінің шетелде тәжірибе жинақтағаны дұрыс. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Халыққа қызмет - абыройлы міндет» атты жас мемлекеттік қызметшілер форумында аймақ басшысы Мəлік Мырзалин мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары жəне Астана қаласынан келген 150-ден астам жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Форум форматы диалог күйінде өтті. Мəлік Мырзалин жастармен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметке алғаш келгендегі әсерін еске алды. Аймақ басшысы мемлекетке қызмет етуде талмай еңбектену қажеттігін атап өтті.

«Бүгінгі жастардың алға қойған мақсатына жету  үшін елімізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Тек оған ерінбей еңбектену керек», - деді ол.

Шарада мемелекеттік қызмет ардагері Марат Құлмағамбетов мемлекеттік қызметшілердің арасында жыл сайын өтетін «Үздік мемлекеттік қызметші» сайысында озып шыққан жастарға шетелге курортқа тегін демалыс билетін үйлестіру туралы пікірін білдірді. Өз кезегінде М. Мырзалин идеяны қолдап,  жастарды курорттан гөрі, тәжірибе алмасуға шетелге жіберуді жөн санады.

Сондай-ақ форумда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов пен «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубының президенті Диана Серғазина сөз сөйледі.

Жастар өздерін толғандырған сауалдар қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Ал шара соңында Қарағанды облысынан келген Медет Қараметов, өзінің форумға арнаған өлеңін  оқып берді.
null

Шараның екінші күнінде жастар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабайдың киелі орындарын аралайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар