Үздік бокс төрешілері марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Бокс федерациясы еліміздің үздік бокс төрешілерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерация мәліметінше, Бүкіләлемдік бокс академиясында өткен салтанатты шара барысында 2017 жылдың үздік төрешісі атағына Ержан Оспанбаев ие болды. Ал Қайрат Жұманқұлов үздік рефери, Наталья Цой халықаралық аренадағы үздік төреші атанды.

Айта кетерлігі, бүгінде Қазақстанда Халықаралық бокс қауымдастығының ең жоғары санаты «3 жұлдызға» ие 9, «2 жұлдызға» ие 10 және «1 жұлдызға» ие 15 төреші бар. Халықаралық деңгейдегі төрешілерден бөлек ұлттық арбитрлар мен деңгейін көтеруге ұмтылатын өзге де санаттағы төрешілер жеткілікті. Олар үшін өткен жылы 2 семинар мен 3 аттестация өткізілген болатын. Ал биыл мұндай шаралардың қатары одан да көп болмақ.
null 

«Біздің алдымызда халықаралық турнирлерді төрелік ететін төрешілердің деңгейіндегі жас төрешілердің буын өсіріп шығару міндетті тұр. Ағымдағы жылдың ішінде тәжірибелі төрешілеріміздің, халықаралық деңгейдегі шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар, аттестациялар өткізілетін болады. Әділетсіз төрелік жасады деп шағымданып жатамыз. Бірақ, семинарлар мен аттестациялар барысында проблемалар білініп жатыр. Негізгі проблема -төрешілеріміздің көпшілігінің біліктілігі төмен», - деді Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Бауыржан Оспанов.

Оның пайымынша, төрешілер өңірлерге бөлінбеуі тиіс және олар жершілдікке салынбауы тиіс.

«Ең үздіктер ғана Қазақстан құрамасының сапына кіруі қажет. Өйткені, халықаралық турнирлерде, әлемдік ареналарда олар облыстың не болмаса ауданның емес Қазақстанның намысын қорғайды. Сондықтан жыл бойы әрбір турнирден кейін балл қойып, қорытындысында үздік төрешіні анықтадық. Оларды салтанатты түрде марапаттадық», - деді ол.

null null 

Соңғы жаңалықтар