Үздік бизнес жоба үшін білім беру гранты беріледі - «Zhangyru» жобасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының бастамасымен «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасы қолға алынды. Аталған жобаға 50 адам іріктелді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен жас бизнесмендер бар. Алдағы уақытта оқ бойы озық шыққандар өз білімдерін тегін шыңдай алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобаға 130 өтінім түскен еді. Олардың ішінен біз 50 адамды іріктеп алдық. Барлығы да білімге құштар, кәсіби дайындықтарын шыңдағысы келеді. Жоба аясында алдымен екі апталық оқыту курстары өтеді. Соның нәтижесі бойынша бәріне арнайы куәліктер табысталады. Одан кейін қатысушылар бизнес-кейстерін дайындайды. Оған бір ай беріледі. Әділ қазылар алқасы соның ішінен үздік жобаларды анықтайтын болады Біздің негізгі мақсатымыз - бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту», - дейді  «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Мұxтар Манкеев.

Оның айтуынша, 13 қарашада жобаның қорытындысы шығарылады. Үздік жобаның авторы Женева бизнес мектебінде тегін білім алады. Ал екінші, үшінші және төртінші орын алғандар 70, 50 мен 25 пайыздық жеңілдікке ие болады. Жобаға қатысушылардың алғашқы модулі маркетингке арналды. Барлық дәрістер онлайн режимде таратылады.

Соңғы жаңалықтар