Ұйымдастырушылар Головкин- Джекобс айқасынан 3,4 млн еуро тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Los Angeles Times басылымы Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жектен түскен қаржының көлемін жариялады. 

Бұл туралы dodasport.kz жазды. 

«PPV есебі бойынша Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесуден 150 мыңға жуық трансляция сатылған. Дегенмен, Головкиннің командасы соңғы жарияланатын есептің 150 мыңнан асатынына сенімді. Біздің білуімізше, Madison Square Garden кешені жанкүйерлер сатып алған билеттен 3,4 миллион еуро пайда тапқан. Бұл - Лемьемен өткізген кездесуден (2 млн) әлдеқайда көп», - дейді басылым тілшісі Лэнс Пагмайр.

Головкин Джейкобсты төрешілер шешімімен ұтты.

Головкин кәсіпқой бокста өткізген барлық 37 кездесуінде жеңіске жетті (33 нокаут).

Джейкобс кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізіп (29 нокаут), екеуінде ғана жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар