Уытты баллон шашырауынан жапа шеккен 4 бала үйіне қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер уытты баллонның шашырауынан жапа шеккен 4 баланы үйлеріне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай туралы хабарлама 17:05-те түскен. Оқиға орнына 11 жедел жәрдем бригадасы барған. Барлығы 36 оқушы Балаларға шұғыл медициналық көмек беру орталығына жеткізіліп, оқушыларға белгісіз заттан уланған деген диагноз қойылды.

«Балаларды білікті мамандардан құралған  мультидисциплинарлық команда қарап шықты. Диагностикалық тексерулерден соң 6 бала амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілді. Токсикология бөлімшесінде 29 бала қалды. Олар дәрігерлердің бақылауында болмақ. 1 бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір диагностикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», -  деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, №173 мектепте түскі 16:00 шамасында төтенше жағдай орын алды.

7 сынып оқушылары үлкен қоңырау кезінде уытты баллондағы затты шашыратып алған.

Соңғы жаңалықтар