Үйі өртенгенін көрген ер адамның денсаулығы күрт нашарлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында болған ірі өрттен қатар тұрған 3 отбасы баспанасынан айырылып, далада қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт жиһаз цехынан басталған.

Жібек жолы 12 мекенжайы бойынша тұратын Наталья Патронина  жатар алдында тырс еткен дыбыстарды естіген.

«Бірнәрсе жарқ ете қалды. Далаға атып шығып қарасам, жиһаз цехының алды тұтас өртеніп жатыр екен. Содан есім шығып үйге кірмедім. Көршілерді түгел оятып, өрт сөндірушілерді шақырдық», - деді Н.Патронина.

Әйел сасқанынан үйдің де, өзінің құжаттарын алып шығуды ойламаған.

Екінші үйде тұратын Тоқатхуновтардың үйі де демде үйіндіге айналды.

Үйі өртеніп жатқанын көрген ерлі-зайыптылар денсаулықтары күрт нашарлап ауруханаға жеткізілді.

«Ортаңғы үйде тұратын Тоқтахуновтардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті.  Отағасы үйдің өртеніп жатқанын көріп денсаулығы нашарлап кетті. Әйелі екеуін жедел жәрдем алып кетті. Қатты шок алды. Үлкен ұлдары қант диабетімен ауырады. Менің анам да қан қысымы көтеріліп отыр», - деді Наталья Патронинаның ұлы.

Олардың айтуынша, аталған цех 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Осы уақыт аралығында құзырлы органдар аталған нысанды тексермеген дейді көршілері.

Айта кету керек, төтенше жағдай бүгін 22:10-да болған.

«Алматы облысы Тұздыбастау ауылында түнгі 22:10-да жихаз цехы өртенген. Қасындағы барак типтес үй де отқа оранды. Қызыл жалын 380 шаршы метрді шарпыды. Өртті өшіруге 14 өрт сөндіруші мен  3 техника жұмылдырылды», - деді Р.Иманқұлов.

Оқыс оқиға орнына аудан әкімі Райхан Садықова, аудандық прокурор, аудандық электр желісі басқармасының, газ қызметтерінің басшылары, ІІБ басшысы келді. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар