Ұйғыр ауданы ТЖ бөлімінің басшысы парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Ұйғыр ауданы ТЖ бөлімінің басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі П.Анваровты тұтқынға алды.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анваров делдал арқылы кәсіпкерлік қызметті ары қарай жалғастырып, әкімшілік қызметке тартпауы үшін демалыс аймағы басшысынан 700 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Қазіргі уақытта Анваров Панфилов ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар