Ұялы телефон арқылы жұмыс табуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның электронды еңбек биржасы ресми түрде ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, қазіргі кезде  www.enbek.kz сайты пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Келесі аптада біз аталған электронды еңбек биржасын ресми түрде іске қосатын боламыз. Қазірдің өзінде сайтқа кіріп, республика бойынша бос жұмыс орындарын табуға болады. Болашақта барлық компаниялар электронды еңбек биржасына өз вакансияларын орналастырса, жұмыс іздейтін азаматтар өз түйіндемелерін жариялай алады. Осының арқасында жұмыс берушілер үшін қажетті маманды табуға мүмкіндік бар», - деді Н.Әлтаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, электронды еңбек биржасы арқасында кез келген азамат ұялы телефонымен жұмыс таба алады.

«Енді жұмысшылар мен жұмыс берушілер ұялы телефон арқылы өзіне қажетті қызметті де, маманды да таба алады. Бүгінде аталған ақпараттық базада 38 мың кәсіпорын өз вакансияларын, ал 36 мың адам өз түйіндемелерін орналастырды. Осы уақытқа дейін 17 мыңнан астам адам электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа тұрды», - деп атап көрсетті Н.Әлтаев.

Соңғы жаңалықтар