Ұсыныс сұранысқа сай емес - «Егемен Қазақстанға» шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің 11 желтоқсандағы санына шолуды ұсынамыз.

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі саны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел астанасының көшірілуінің 20 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысуынан басталады. Сондай-ақ бас басылымның бірінші бетінен тілші Ермұхамед Мәуленнің «Астана» футбол клубының Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққаны туралы «Астананың» Тәуелсіздікке тартуы» мақаласын оқи аласыздар.

«Рухани жаңғыру» айдарынан «Егемен Қазақстан» газетінің БҚО-дағы тілшісі Қазбек Құттымұратұлының «Оралға келсең, Қадырдің үйіне бар...» атты тағылымды материалы жарияланған. «Әлем және Қазақстан» бетінен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Каватоның Егемен тілшісі Абай Асанкелдіұлына берген сұхбатын оқуға болады.

Ғалымжан Елшібайдың «Ұсыныс сұранысқа сай емес» атты мақаласында ОҚО-дағы білім саласына қатысты, өңірдегі жастарды жұмыспен қамтудағы кейбір шикі мәселелер көтерілген.

Сонымен қатар, «Спорт» бетінде Әли Битөренің 2018 жылы өтетін кезекті Қысқы Олимпиадаға орай Қазақстан құрамасының Тәуелсіздік алғаннан бергі алты Олимпиадаға шолуы жарияланған.

Газеттің бүгінгі санынан бұдан басқа да қызықты әрі мазмұнды мақалалар мен ақпараттарға қанық боласыздар.

 

Соңғы жаңалықтар