Усолка өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінің ұзындығы 80 метр болмақ - Павлодар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Усолка өзені арқылы өтетін ұзындығы 80 метр, ені алты метр автокөлік көпірі бағана арқылы тұрғызылады. 

 Бұл туралы құрылыс учаскесінде болған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа құрылысшылар мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

 Қазіргі таңда нысанда үйінді көтерілуде. «Павлодар өзен кемежайы» АҚ су өткізу үшін қосымша құбыр салып, құмды нығыздауы тиіс.


«Стальмонтаж» ЖШС-нің басшысы Александр Терентьевтің айтуынша, жоба бойынша нысанға асфальт төселеді. Болашақ көпірдің аумағын көріктендіру жұмыстарымен билік өкілдері айналысады.

«Осы учаскеде Майра көшесін кеңейту керек деген ойдамын», - дейді облыс әкімі. - Себебі көпірге кіреберіс жол жасау керек. Бәлкім, автобус аялдамасын ауыстыру керек болар».

Жаңа көпір арқылы павлодарлықтар Усолканың қарама-қарсы жағасына жүре алады. Шенеуніктер бұл аумақ Кенжекөл ауылына қарай Ертіс өзенінің жағасындағы учаске сияқты облыс тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс орнына айналады деген үмітте.

Нысанды жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар