Үшінші тұлғаларға өзге азаматтар туралы анықтама алуға рұқсат етіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап, Электронды үкімет порталында жеке және заңды тұлғаларға өзге азаматтар туралы электронды анықтама беру қызметі қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке және заңды тұлғалар кез келген азаматтың тұрғылықты мекенжайы бойынша, жылжымайтын мүлікқа қатысты электронды анықтамаларды ала алады.

«Қолданушы жоғарыда аталған анықтамаларға тапсырыс бергенде азаматтардың телефонына және жеке кабинетіне хабарлама келіп, үшінші тұлғаларға анықтама беруге рұқсат сұрайды. Үшінші тұлға ретінде жеке және заңды тұлғалар анықтамаға сұрау сала алады», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрайымы Ботагөз Қасабек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда жарияланған Мемлекет басшысы Жолдауының сегізінші бөлімі тиімді мемлекеттік басқаруға арналған еді. Онда мемлекеттік органдардың нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдану туралы баса айтылды.  

Соңғы жаңалықтар