Үшінші рет Азиада ойындарын өткізіп жатқан Саппоро - туристердің ағылып келетін қаласы

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Осымен бір емес, үшінші рет Қысқы Азиада ойындарын өткізіп жатқан Саппоро қаласына кеше  Қазақстан делегациясының соңғы мүшелері келіп жетті. Олардың ішінде тілшілер қауымы да болды.

Әлі де көп нәрсеге қаныға қоймағанмен Қысқы Азиада ойындарының отаны атанып кеткен Саппоро қаласы туралы оқырмандарымызға азда болса көрген, білген, естіген жаңалықтарымызбен бөлісе отыруды жөн санадық.
null 

Саппоро  қаласының ауа райы жалпы еліміздің солтүстік елді мекендеріндегі ауа райынына ұқсайтын көрінеді. Дәл қазір -3-4 градусты көрсетіп тұрғанымен аяздың барлығы сезіледі. Қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрдей. Алайда көшелер тап-таза.
 null

Саппоро қаласы - Жапонияның Хоккайдо аралында орналасқан. Ол бұл елдегі төртінші үлкен қала болып саналады. Сондай-ақ, Саппоро жапондардың экономикалық, өнеркәсіптік, мәдени орталығы. Қаладағы халқының саны 2010 жылғы санаққа қарағанда, 1 896 207 адамды құраған. Қазір 2 миллионға жуықтап қалса керек, көшеде адам қарасы өте көп. Ал көлемі 1121,12 шаршы шақырымды алып жатыр.
null 

Саппоро шипажайлы орын көрінеді. Біз алған мәлімет көздеріне сүйенсек, қала маңында көптеген ыстық минералды бұлақтар бар. Жылда қыста дәстүрлі түрде өтетін Қар фестивалі де осында ұйымдастырылады. Оған жылына бүкіл әлемнен 2 млн турист келіп, тамашалайтын көрінеді.
nullnull 

Міне, осындай қалада биыл үшінші мәрте Қысқы Азиада ойындары өтіп жатыр. Алғаш рет  - 1972 Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы атанса, одан кейін, - 1986, 1990-шы жылдары Қысқы Азиада ойындарын өткізді. Міне, бүгін алауы тұтанған 8-ші Қысқы Азиада ойындары үшіншісі.
nullnull 
фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар