Ұшақта темекі шегіп, былапыт сөз айтқан Қазақстан азаматы жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы «Бангкок - Алматы» рейсі ұшағының бортында темекі шегіп, былапыт сөз айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Көліктегі ІІД-не сілтеме жасап.

«Бангкок - Алматы» авиарейсі орындалысымен «Алматы қаласының Халықаралық әуежайы» АҚ диспетчерінің актісі бойынша Алматы қаласы әуежайының желілік ішкі істер бөлімінің көлік полицейлеріне 39 жастағғы ҚР азаматы тапсырылды. Белгілі болғандай, мас күйдегі ер адам авиарейстің бортында темекі шегіп, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған. Былапыт сөз айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған», - делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

Медициналық куәландыруға сәйкес, ол жеңіл дәрежеде мас болған. Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық пен қоғамдық жерде мас болғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен бірге, жеке қоғамдық орында темекі шеккені үшін әкімшілік іс-шара қабылдау масқатында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне жолданды.

«Дәл сол күні Алтынкөл станциясының Желілік полиция бөліміне белгісіз адамдарға қатысты шара қабылдау бойынша вокзалдағы кезекшіден шағым келіп түсті. Оның айтуынша, Алтынкөл станциясының перронында үш ер адам жолаушыларға дөрекілік танытқан. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының 1983, 1974, 1977 жылы туған үш азаматын ұстады», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған азаматтардың үстінен де әкімшілік хаттама толтырылған.

Соңғы жаңалықтар