Ұшақ тұрғын үй үстіне құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Сан-Диего қаласында бір моторлы ұшақ тұрғын үйлердің біріне құлады, деп хабарлайды CBS .

Оқиға салдарынан екі адам мерт болып, тағы екеуі зардап шеккен.

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, ұшақ бортында төрт адам болған. Ұшқыш Монтгомери Филд әуежайынан ұшқаннан біраз уақыттан кейін қозғалтқыштың істен шыққанын мәлім етіп, кері қайтуға әрекет еткен. Ұшақ үлкен жылдамдықпен жерге қона алғанымен, апаттан құтыла алмаған.

Оқиға кезінде үй ішінде адамдар болмаған. Төтенше жағдайдың мән-жайын арнайы қызмет анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар