Ұшақ есіктерінің қатып қалуынан Астана-Шарджа рейсі кейінге қалдырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана  әуежайында Шарджаға бармақ болған 89 жолаушы ұша алмай қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Air Arabia әуекомпаниясының ұшағы Шарджаға техникалық себептермен ұша алмады. Компания өкілі Гүлмира Ахметованың айтуынша, ұшаққа кіретін есік қатып қалған.

«Біз оны жылыта алмадық. Рейс 10 сағатқа кейінге шегерілді. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылады»,- деді Г. Ахметова.

Айта кетсек, сенбіде Астанада таңертең -26 градус суық болды. 

Соңғы жаңалықтар