Үш тілде еркін сөйлейтін қаламның «құдіреті»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы қаламды қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлете алатын озық технология ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ тілін тез үйрететін амалдардың бірі - инновациялық технологияларды жасап, оларды қолданысқа енгізу. Сондай-ақ, қазақ тілінде ауызша сөйлескенде жиі қолданылатын сөздердің қоры жоқ бізде. Егер де зерттеу жүргізіп, қандай да бір тыңдау құрылғысының арқасында адамдар қазақ тілінде бір күнде, бір аптада, бір айда, бір жылда қандай сөздерді тұрмыста ең көп қолданғанын анықтасақ, онда жиі айтылатын қазақ сөздерінің қорын анықтай алар едік. Бірақ, бұндай жұмыс ағылшын тілінде жүргізілген екен. Біз сол зерттеуді негізге ала отырып, жиі қолданылатын 50 мың сөзді аударып, оларды оқып, осы қаламға 50 мың сөздің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасын осы қаламға сыйдырдық», - дейді осы технологияны ойлап тапқан Н.Құдайбергенұлы.
null  

Қазақ тілін үйрететін жолдарды іздеп жүрген ғалым бұл жаңалығын бүгін Назарбаев университетінде өткен «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты халықаралық симпозумда алғаш рет таныстырды. Енді су жаңа инновациялық технологияны Білім және ғылым министрлігіне, мектептерге таныстырамын дейді. «Үш тілде оқытуды көздеген Білім министрлігі үшін бұл таптырмас құрал болар еді», - деп мәлімдеді Н.Құдайбергенұлы.

null

Соңғы жаңалықтар