Үш облыстың аумағында көлік қозғалысына толықтай шектеу енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағындағы бірқатар республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «Қазақавтожол» ЖШС мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары аумағындағы көктайғақ пен қатты желге байланысты көліктің барлық түрлері үшін бүкіл бағыттарда жолдар жабылды.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысынан Қостанай облысына қарағай бағыт алатын «Мамлютка-Қостанай» жолының 180-243 шақырымында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды. Мұнымен қоса, «Екатеринбург-Алматы» жолының 687-729 шақырымындағы Сарыкөл мен СҚО шекарасы аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Бүгін кешқұрым «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолындағы Әулиекөл мен Ақмола облысы шекарасына дейінгі учаске жабылды.

Қарағанды облысы аумағында боранның салдарынан «Жезқазған-Петропавл» жолында көліктердің қозғалысы шектелді.

Сағат 20:00-ден бастап Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-257 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқарға дейін учаскеде көлік қозғалысына тыйым салынды.

Фото: kazavtodor.kz

Соңғы жаңалықтар