Үш облыс аумағында көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында көлік қозғалыыс шектелді, деп хабарлайды «Қазақавтожол»  РМК баспасөз қызметі.

Бүгін, 30 наурызда  сағат  09.30-дан бастап Қостанай облысында  ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі)  «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»  жолының 108-232 шақырымында, Әулиекөл кенті нен Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

Ақмола облысында сағат 11.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) мына жолдарда:

1.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км., Қостанай облысынан Сұрған кентіне дейін;

2.«Жақсы-Есіл-Бұзұлық»  0-82 км;

3.«Жезқазған-Петропавл 377-552 км., Қостанай облысы шекарасынан Сұрған кентіне дейін;

4.«Екатеринбург-Алматы» 856-917 км, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Жақсы кентіне дейін;

5.«Астана-Петропавл 18-230 км., Астанадан  Щучинскіге дейін;

6. «Көкшетау-Атбасар» 4-184 км, Көкшетаудан Атбасарға дейін;

7.«Екатеринбург-Алматы» 917-1003 км.,  Жақсы кентінен Атбасарға дейін;

8.«Екатеринбург-Алматы» 1280-1353 км., Астанадан  Қарағанды облысының шекарасына дейін;

9.«Екатеринбург-Алматы» 1006-1247 км., Атбасар-Астана;

10. «Көкшетау-Рузаевка» 0-61 км, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін;

11.«Астана-Петропавл 231-341» км., Щучинскіден СҚО шекарасына дейін;

12. «Көкшетау-Омбы» 2-50 км. Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін;

13.«Макинск -Ақсу-Торғай» 0-240 км.Макинкіден Торғайға дейін қозғалысқа шектей қойылды.

  Ауа райының нашарлауына бейланысты «бұрқасын, жолдың нашар көрінуі)  Қарағанды облысында мына жолдарда: 

1. «Жезқазған-Петропавл 24-252 км., Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін; 

 2. «Екатеринбург-Алматы» 1353-1424 км. Ақмола облысы шекарасынан Ақтау өтпежолына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар