Үш қазақстандыққа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   - Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:

Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;

Қуатов Руслан Тұржанұлы - «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;

Үшкемпіров Жақсылық - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


  Қазақстан Республикасының

      Президенті                               Н. Назарбаев

   Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан   

Соңғы жаңалықтар