Үш қарағандылық фермер адамдарды құлдықта ұстағандығы үшін айыпталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында үш ағайынды  төрт адамды бас бостандығынан айырғаны және өзінің шаруа қожалығында еңбегін пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тексеріс нәтижесінде  Рамазан Шалғынбаев, Нұртай және Ербол Ынтықбаевтардың төрт ер азаматқа қыстақта тегін жұмыс істетіп, жағдайсыз жерде күштеп ұстағандығы анықталды. 

Олар Қылмыстық кодекстің 126 бабының «жұмыс күшін пайдалану мақсатында ұрлап әкетуге қатыссыз, заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша жазаланып отыр.

«Бес ағайындының бірі - аталған шаруа қожалығының иесі - жол патрульдік полициясының қызметкері болып шықты. Ол Қарағандыдағы жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді», - дейді еңбек құлдығының құрбанына айналған азаматтардың қорғаушысы Шырын Әмірғалиева.

Оларды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері құтқарды. Тұтқындағылардың бірі қашып шығып, полиция көмегіне жүгінген. 

Соңғы жаңалықтар