Үш дүркін Қазақстан барысы Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар баладан «жеңіліп» қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 10 жасар көрермен бала үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаевпен белдесіп, «жеңіп» кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында көрермендер арасынада қызықты ойындар ұйымдастырылды. Соның бірінде үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаевты көрермендер арасынан кім жықса, сол балуанға 50 мың теңге сыйлық берілуі керек еді.

Бұл ойында Бейбітпен бозкілемге шығуға ересектерден ешкімнің батылы жетпеді. Алайда, 10 жасар астаналық бала «Бейбіт ағамен мен белдесемін» деп боз кілемге жүгіріп шығып, жүректілік танытты. Бейбіт бүлдіршіннің қайсар мінезіне тәнті болып, мойнына көтеріп, жолын берді. Осылайша астаналық 10 жасар бала жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар