Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді қазақ күресінің көрігін қыздырып жүрген даңқты балуан «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын басқарады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті.

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік ауылында 1985 жылы дүниеге келген. 2012, 2015 және 2016 жылдары «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарып, үш мәрте «Барыс» атанған жалғыз балуан. Сондай-ақ,  «Еуразия барысының» жеңімпазы. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Соңғы жаңалықтар