Усэйн Болт пен Алмаз Аяна - 2016 жылдың үздік жеңіл атлеттері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық спринтер, тоғыз дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт пен ұзақ қашықтыққа жүгіретін эфиопиялық желаяқ Алмаз Аянаны Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) 2016 жылдың үздік жеңіл атлеттері деп таныды.

Жеңімпаздар есімін атау салтанатты рәсімі Монакода жұма күні өтті.  

Еске сала кетсек, Усэйн Болт Рио-де-Жанейродағы соңғы олимпиадада үш алтын медаль олжалаған еді. Бұл марапатқа ол  100 және 200 метрлік қашықтықтарда және 4100 метрдегі үздік көрсеткіштері үшін ие болды.

Алмаз Аяна Олимпиада-2016-да 10 000 метрлік қашықтықта алтын, 5000 метрлікте қола еншіледі.

Соңғы жаңалықтар