«Үржар келбеті» журналы жарық көрді

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында алғаш рет қоғамдық-саяси бағыттағы «Үржар келбеті» атты журнал жарық көрді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған басылым еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейінгі аудиторияны қамтуға бағытталған. Журнал таралымы әзірге - 1000 дана. 48 беттік басылымда «Халық пен билік», «Елге қызмет - басты міндет», «Ел іші - өнер кеніші», «Шариғат», Қайырымдылық», «Тылсым дүние», Балаларға базарлық», «Фейсбук парақшасынан», «Ас болсын», «Артық болмас білгенің...», «Жырлайды жүрек», «Екі езу» секілді айдарлары бар. Журналдың бас редакторы - әлеуметтік ғылымдар магистрі, журналист Кенжегүл Тергембаева. Сондай-ақ редакция алқасының құрамы Сәдібек Түгел, Қойлыбай Асан, Ғалым Қожабек, Оңайгүл Тұржан секілді журналистика мен әдебиетке жақын шығармашыл жандардан құралған.

 «Абайдай дананы тудырған Шығыс еліне, соның ішінде Үржардай берекесі мен мерекесі жарасқан құтты мекенге рухани азық болатын, билік пен халықтың ортасында дәнекерге айналатын, айтар ойы салмақты, балаларға да базарлығы бар, XXI ғасырдың сұранысын барынша қанағаттандыратын керемет журнал шығару арманым болатын. Міне, журналымыздың төртінші саны оқырманға жол тартпақ. Журнал үржарлықтардың көзайымына айналарына үміттіміз. Себебі, бүгінгі ақпарат - ертеңгі тарих болмақ» -дейді журналдың бас редакторы Кенжегүл Ілиясқызы. 

Соңғы жаңалықтар