Ұрылардың «арқасында» бюджет 40 млрд теңгеге толып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің бүгінгі отырысында Бас прокуратураның 2-ші Департамент директоры Құсайын Игембаев ұрлық жасаған адамдар жыл сайын 40 млрд теңге айыппұл төлейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құсайын Игембаев Қазақстанда көп қабатты үйлердің тек 3 пайызы ғана бейнебақылау камерасымен қамтылғанын жеткізген болатын . Бас Прокуратура маманы осы айыппұлдың белгілі бір мөлшерін камера орнатқан мекемелерге бөлу арқылы бизнесті ынталандыру керек дейді.

«Үйлерге жаппай камера  орнату жүйесін ынталандыру үшін делдалдықты пайдалануға болады. Камераның арқасында ұрлық әшкереленіп жатса, онда әкімшіліктің айыппұлдың белгілі бір мөлшерін камера орнатқан кәсіпкерге беруіне болады. Ал, жыл сайын мемлекет бюджетіне ұрлық жасаған адамдар орташа есеппен 40 млрд теңге айыппұл төлеп отырады»,-деді Игембаев.

Соңғы жаңалықтар