«Үркер» сыйлығы журналистердің мәртебесін көтереді деп сенемін - Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Үркер" сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпарат саласының үздіктерін марапаттады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

 "Күні кеше ақпарат туралы заңнаманы талқылағанда маған журналистердің мәртебесіне қатысты көп сұрақтар қойылды. Ақпарат саласында жүрген мамандардың мәртебесін көтерудің маңыздылығы жайында айтылды. Бүгінгі "Үркер" сыйлығы да журналистердің мәртебесін көтеруге өз үлесін қоса алады деп сенемін. Осы премия өміршең әрі ашық болсын! Болашағы зор болсын!", - деді Абаев өзінің құттықтау сөзінде.
null null 

Айта кетейік, "Үркер" сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімін ашқан министр Абаев "Қазпошта", "Қазақстан теміржолы", "Астанателеком" мен "Қазақтелеком" компанияларының бірақатар қызметкерлерін марапаттады. Ал "Хабар" арнасы, "Вечерняя Алматы" газеті, "Әдебиет порталы", "Жетісу" арнасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелігісін табыстады.
null  

Соңғы жаңалықтар