Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
CNY 45.99

Үрімжіде 25 жастағы қазақстандық қаза тапты

Үрімжіде 25 жастағы қазақстандық қаза тапты
2016 жылғы 15 наурыз 08:40 1374

БЕЙЖІҢ-ҮРІМЖІ. ҚазАқпарат - ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Үрімжі қаласында қазақстандық 25 жастағы азамат Ербол Суханов қаза тапты. Ол «Әдемі» дәмханасында кассир болып жұмыс істеген.

Сағат 15:00-де жергілікті полиция учаскесіне дәмхана иелері Қабыл Шалқар мен Болат Жақыпов келіп, жігіттің өзіне-өзі қол салғаны туралы айтты. Олардың айтуынша, ол 14 наурыз күні шамамен сағат 8-де соңғы үш күнде тұрып жүрген қонақүйдің артқы ауласында асылып қалған.

Олар Е.Сухановтың 100 мың долларды ұрлағанын анықтағанын, бұл жайт бейнебақылау таспасындағы жазбамен расталғанын айтты. Е.Суханов оларға ақшаны қайтаратыны туралы қолхат толтырып берген.

Полиция Е.Сухановқа қатысты зорлық әрекеттерінің белгілерін анықтаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың ата-анасы ШҰАӨ-нің аумағына кіріп, баласының денесін алып кету үшін құжаттарды ресімдеп жатыр.

 

 

 

 

 

Басты сөздер: Қазақстан және Қытай, Оқиға,

Пiкiрлер

  • 15.03.2016Айнара
    0
    100 мың доллар студент үшін қомақты ақша. Егер ұрлағаны расталып жатса, қол жұмсауына да себеп сол болғаны.

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер