Уорд кәсіби бокстан кетсе Головкин P4P-рейтингінде көш бастауы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бок федерациясы (IBF), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) тұжырымдары бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Андре Уорд кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.

Қазіргі уақытта 33 жастағы америкалық боксшы бірқатар беделді басылымдардың, соның ішінде ESPN және The Ring журналдарының P4P-рейтингінде (салмақ санатына байланыссыз) көш бастап тұр.  

Sport.kz-тің хабарлауынша, Уордың кәсіби спорттағы мансабы ресми түрде аяқталғаннан кейін оның аты-жөні боксшылар тізімінен алынып тасталады деп күтілуде. Бұл WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Қазір қазақстандық боксшы бұл рейтингте екінші болып тұр.

Еске салайық, Головкиннің соңғы жекпе-жегі 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында мексикалық спортшы Сауль Альвареске қарсы өтті. Төрешілердің шешімімен айқас тең аяқталды. Жеңімпаз анықталмағанымен, GGG барлық белбеулерін (WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша) сақтап қалды. 

 

Соңғы жаңалықтар