«University Medical Center» корпоративтік қоры «25 қайырымды іс» акциясын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «University Medical Center» корпоративтік қорында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «25 қайырымды іс» акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара балаларға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

null  

Акция шеңберінде «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалдары - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Республикалық диагностикалық орталықтың 14 түрлі бейіндегі 30-дан астам маманы: педиатр, хирург, ортопед, уролог, гепатолог, кардиолог, пульмонолог, нефролог, эндокринолог, гастроэнтеролог, невропатолог дәрігерлер қабылдауға келген балаларды қарап, кеңестер берді.

null  

Зерттеу нәтижесінде балалардың біраз бөлігі қосымша тереңдетілген диагностикалық зерттеуге бағытталды. Стационарлық емге мұқтаж балаларға жоспарлы емдеуге жатуға кеңес берілді. Сондай-ақ, тексерілгендердің арасынан сырқаты күрделі балалар іріктеп алынды. Оларға 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында оталар жасау жоспарланып отыр.         

null  

Жалпы бүгінгі акция аясында дәрігерлер 700-ден астам баланы қабылдады.  

null 

Соңғы жаңалықтар