Универсиаданың хоккей турнирін Қазақстан құрамасы Қытайды 22:0 есебімен жеңгеннен кейін өзгертеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) Алматыда өткен қысқы Универсиададағы хоккейдің деңгейіне оң баға берді, алайда командалар деңгейіндегі айырмашылық қатты байқалмас үшін турнирдің форматын өзгерту керек, деп мәлімдеді FISU президенті Олег Матыцин. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. 

Сайыстың алғашқы күнінде қазақстандық хоккейшілер Қытай құрамасын 22:0 есебімен, ойсырата жеңді.

«Хоккейдің деңгейі көңілімізден шықты, әйтсе де Универсиададағы ойындарға спортшылар түрлі көзқараспен қарайды. Финалдық матчтардың деңгейі ірі іс-шараларға лайықты. Бұл турнир FISU-дың турнирді өткізу үлгісін өзгерту керектігін көрсетіп берді. Себебі, ойыншылардың деңгейі әртүрлі. Мүмкін, 22:0 секілді есептер болмас үшін екі дивизион жасау керек шығар. Командалардың дайындық деңгейі өте жоғары, сондықтан төрешілердің бағалауы да осыған сай болды», - деді Матыцин журналистерге.

Соңғы жаңалықтар