Универсиадаға билет сатып алушылардың ұтыс ойыны кейінге ауыстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Универсиадаға билет сатып алушылардың ұтыс ойыны кейінге ауыстырылды.  Бұл туралы Универсиада-2017 ойындарын ұйымдастыру дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мәліметте: «билеттер бойынша ұтыс ойыны таратылымның техникалық ұйымдастыру қажеттілігіне байланысты кейінге қалдырылады. Біз үшін ұтыс ойынының әділ әрі айқын өтуіне қатысты ешқандай сұрақ туындамайтындай болуы маңызды. Біз лототронның өзгерген өту мерзімін міндетті түрде жариялайтын боламыз», - деп көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Универсиада ойындарына билет сатып алған көрермендер арасында ұтыс ойыны ойнатылатыны туралыхабарлаған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар