Универсиадада спортшылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Атлеттер ауылында Универсиада кезіндегі спортшыларды тамақтандару мәзірі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Атлеттер ауылындағы асханада 5 түрлі тағам мәзірі ұсынылмақ. Олар: қазақтың ұлтық дастарханы, азиялық, еуропалық, вегетарияндық, халал тағамдар.

null  

«Әлемнің барлық асханаларындағы ас мәзірі дайындалмақ. Ас мәзірінде пицца, стейктер, паста, спринг-ролл, «Том Ям» тай елінің сорпасы, т.б әзірленбек. Әрине, қазақ ұлттық тағамдары да әзірленеді. Асханаларда спортшылар үшін қазақтың ұлттық дәмдерін беретін шайхананың жұмысы ұйымдастырылады. Қонақтарымыз асылған ет, қуырдақ, нарын секілді тағамдарымыздың да дәмін тата алады», -деді Royal Catering компаниясы бас директорының орынбасары Индира Ахметова.

FISU талаптары бойынша атлеттерге берілетін күндік калория нормасы (400-4500) анықталған. Спортшылардың тәуіліктегі ас мәзірінде маңызды тағамдар қосылған. Олар: сүт өнімдері, ет, нан. Сонымен қатар, оларға денсаулықты күшейтетін түрлі сусындар беріледі

Соңғы жаңалықтар